0:00 / 0:00
Өткен жылы қос ауданды Переметный мен Үлкен Шағанды жалғайтын тас жол пайданалуға берілді. Тас жолдың жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайды. Сондай-ақ, Бәйтерек ауданына қарасты Белес ауылының 12,3 шақырымдық тас жолы да жөндеу көрген еді. Аудан мен қаланы жалғайтын тас жолдан бөлек, Переметный ауылының көшелері жөнделуде. Көшеішілік жолдар 15 шақырымды құрайды. Аталмыш жұмыстардың баршасы 2 жылға жоспарланып, биыл аяқталмақ.
Бәйтерек ауданы әкімінің есебін тыңдауға келген бұқараның қарасы қалың болды. Әкім есебінде сөз алған азаматтар қордаланған мәселелерін ортаға салды. Мәселен, Кирсанов ауылының тұрғындары ауылға газ бармағанын тілге тиек етіп, көгілдір отын тартып беруді сұрап отыр. Ауылда дені егде жастағылар тұрғасын қыстыкүні отын жарып, күл шығару жыл өткен сайын күрделі мәселеге айналып келеді,-дейді тұрғындар. Сондай-ақ, аталмыш ауылдың тұрғындары көктем мен күзде елді-мекенге кіреберіс жолды4 машақатын көріп отырғанын айтады.
Ал, қаражарлық тұрғындар ауылда мәдени ошақтың тозығы жеткендігін атап өтті. Ауыл ақсақалдары жастардың басын қосып, бос уақытын ұйымдастыратын орын керек,- дейді.
Өткен жылы Бәйтерек ауданында атқарылған жұмыс көп. Мәселен, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 23 баспана пәтер кезегінде тұрған жандарға беріліп, "Бизнестің жол картасы" аясында құны 915 млнннан асып жығылатын 19 жоба іске асып, 16 қосымша жұмыс орыны ашылған. Ауданға "Дипломмен ауылға" бағдарламасының арқасында 96 жас маманға несие берілген. 2020 жылы аудан әлеуетін дамыту үшін жалпы құны 53 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобалар іске аспақ.