0:00 / 0:00
Шаһар басшысы Абат Шыныбеков Круглозерный кентінің тұрғындарымен кездесіп, кент әкімінің есебін тыңдады.Бұл ауылда көптен шешілмей келе жатқан мәселе -қоғамдық көліктің жыры. Жыл сайын қаланың іргесінда орналасқан кенттің тұрғындары облыс орталығына қатынау қиын екендігін айтып, шағымданып келеді. Бұл мәселе биыл да көтерілген еді. Тұрғындардың базынасын тыңдаған қала әкімі мәселені түбегейлі шешу үшін 1-ші наурызға дейін тиісті сараптама жасап, шараларды қабылдаймыз деп кесіп айтты.
Алдымен ауыл әкімі сөз алып, халық алдында есеп берді.Әкім есебін тыңдаған халық, бұл ауылда шешілмей келе жатқан қалаға қатынайтын қоғамдық көліктің машақатын тізбектеп берді. Облыс орталығының іргесінде орналасқан ауыл тұрғындары демалыс күндері, кешкісін үйлеріне маршрутпен қайта алмайғанды, такси жалдап, машина ұстауға мәжбүр.
Жиында сөз алған қала әкімі қоғамдық көліктің мәселесіне тоқталып, проблеманы көктемге дейін шешу үшін барын салатындығын хабарлады. Негізі осы ауыл мен қалаға қатынайтын көліктің жайы жылда есепте айтылады.Әкімдер жылда уәде береді.
Ауыл тұрғындары Круглозерныйдағы "Атамекен" шағын ауданындағы жол, жарық пен көше атауы болсада, үй нөмірлерінің жоқтығына және интернет желісінің болмауын жіпке тізді.
Тағы бір Круглозерный кентінің тұрғындарын толғандырған сұрақтардың бірі- ол балабақша мәселесі. Халқы жыл санап артып келе жатқан ауыл тұрғындары балаларын қаладағы балабақшаға апаруға мәжбүр. Кентте құрылысы аяқталып, жұмыс жасауға дайын жекеменшік балабақша бар. Бірақ, нысанды салған тарап пен атқарушы билік келісімге келе алмағандықтан, бұқара зардап шегіп отыр. Шаһар басшысы мәселенің жай-жапсарын былай деп түсіндіріп берді.
Жақында сайланған Круглозерный кентінің әкімі қала іргесінде орналасқан кентті дамыту үшін биыл жекеменшік әріптестік аясында жұмысты жалғастырып, абаттандырып, жарықтандыруды қолға алмақ.