Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әкім есебі

c 18:01, 12/02/2019 c 658

0:00 / 0:00

Өткен жылы Батыс Қазақстан облысында өнеркәсіп өнімінің жалпы құны 2,5 трлн теңгені құрапты. Бұл өткен жылдардағы көрсеткіштерге қарағада 95,7 пайызға ұлғайған.

Бұдан өзге, облыс басшысы индустрлизация картасы мен инвестиция көлемінде тоқталып, салықтың түсімдерін түгендеді. Өткен жылы облыс көлемінде шағын және орта бизнестің 26 жобасы мемлекеттің қолдауына ие болып, керек инфраструктурасы үшін 1,6 млрд теңгеге ие болды. Сондай-ақ, 109 бизнес идеяның авторы қайтарымсыз грант алып, кәсіп ашқан. Облыс көлемінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 140 млрд теңгені құраған. Өңір басшысының сөзіне сенсек, облыстағы барлық төрт түліктің саны да артыпты. Сол себепті мал басының өсуі ет экспортын ұлғайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Батыс Қазақстандықтар үшін ең қордаланған мәселенің бірі соқпақ жол екендігі белгілі. Биыл Орал мен Орынборды жалғайтын тас жолды жөндеу жұмыстары басталады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда атқарушы билік өкілдері мен "Қазавтожолдың" өкілдері бірлесіп, жолдың жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау үшін конкурс жариялапты. Сондай-ақ, Қазталов, Жәнібек пен Бөкей Орда аудандарына апаратын 275 шақырым республикалық маңызды автожолдың құжаттары дайындалып жатыр. Келер үш жылдың ішінде шалғай орналасқан аудандарға жібі түзу жол бармақ.

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.