0:00 / 0:00
"Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясының өңірлік штабы Ақ жайық өлкесінің белсенді жастарымен, қоғам белсенділерімен кездесті. Жастармен кездесуге демократиялық партия лидерінің орынбасары Васильев Дмитрий арнайы келген. Шарада сөз алған спикерлер президент сайлауына түскен Дания Еспаеваның өмірбаянына, оның кәсіби шеберлігіне тоқталып, сайлау алды бағдарламасын түсіндірген еді.
Президент сайлауына "Ақ жол" партиясынан түскен Дания Еспаеваның өңірдегі сенімді өкілдері жастармен кездесті. Аталмыш шараға арнайылап Нұр-сұлтан қаласынан демократиялық партия төрағасының орынбасары келді. Жиында сөз алған партия лидерінің орынбасары саяси науқанға түскен Дания Мадиқызының өмірбаяны мен атқарған қызметіне тоқталды.
"Ақ жол" партиясы 20-шы ғасырдағы Алаштың мұрасын ұстанушы. Бүгінде кешегі тарихты түгендеп жүрген педагог Дәметкен Сүлейменова партияның жас ғалымдарды қолдау үшін атқарып жатқан жұмыстарын жіпке тізіп, президенттікке үміткер болған Дания Мадиқызының сайлау алды программасындағы басым бағыттардың бірі -Ұлттық тәуелсіздікке тоқталды.
Ал, жиында сөз алған облыс филиалының төрағасы Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылған кезектен тыс "Ақ жол" партиясының сьездін еске алып, президенттікке үміткер болғысы келген жандардың қарасы қалың болғандығын жеткізді.
Саяси партияның өкілдерін мұқият тыңдаған жастар көкейдегі сауалдарын жолдады. Жастар бизнесті дамыту үшін не істеу керек? Жемқорлықпен қалай күресеміз? Ақсап тұрған әлеуметтік саланы қалай қолдаймыз деген сауалдарын қойған еді. Сондай-ақ, студенттер Алаш мұрасын жайлы да сұрады.
9-шы маусымда ұйымдастырылатын президент сайлауында 7 үміткер қатыспақ. 11-шы мамырдан бастап саяси додаға қатысатын жандардың сайлауалды науқаны басталды. Әрбір кандидат өзінің сайлауалды компаниясының тұғырнамаларын бекітіп, бұқара халық алдында үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруда.