0:00 / 0:00
Оралдағы айырбастау пунктін тонағандарға қатысты сот процесі басталды. Барлығы 44 млн. теңге ұрлаған күдіктілердің ісі қалалық сотында қаралуда. Сотталушылардың бірінің әпкесі ағама тағылған жала негізсіз деп есептейді. Оның айтуынша, тергеу барысында көптеген заң бұзушылықтарға жол берілген. Қарақшылық дерегі өткен жылдың 28 ақпанында тіркелді. Орталық көшелердің біріндегі айырбастау пунктінің иесінің бетіне көзді жасаурататын өткір иісті газ балонын шашқан бірнеше азамат одан қол сөмкесін тартып алады. Онда шетелдік валюталардың бірқатар түрі: еуро, доллар, рубльдің барлығын қосқанда жалпы сомасы- 44 млн. теңгеден астам қаражат болыпты. Тәртіп сақшылары бұл іске күдікті төртеудің үшеуін құрықтаған. Олардың бұл қылмысты жасағаны дәлелденсе, бірнеше жылға темір торға қамалатын болады.Сотталушылардың бірі - 27 жастағы Бауыржан Шәріпов. Оның туыстары бауырларының бұл іске қатысы жоқ деп есептейді. "Өйткені кезінде бірнеше кәсіпті ұршықша иірген ол қаржыға тәуелді емес",- деп санайды. Шәріповтың қорғаушысы да оның бұл іске қатысы жоқ екеніне сенімді. Адвокат Шәріповтың есірткі тұтынатынын жоққа шығармайды. Және заң бойынша оның жеке шаруасы мен құқығына ешкім қол сұға алмайды деп санайды. Қорғаушы тарап Шәріповты ақтап алу үшін шағымдарын өзге де құқық қорғау органдарына жолдаған.