0:00 / 0:00
Мектептерге нормадан тыс оқушы қабылдаған директорларға айыппұл салынып жатыр. Бұл жайында елордалық білім беру ұйымдарының ата-аналар бірлестігі хабарлады. Бірлестік өкілдерінің айтуынша, тауарлар мен қызмет сапасын бақылайтын құзырлы орган сыныпта 25 баладан көп оқушы отырса, мектеп директорына 230 АЕК айыппұл салуда. Бүгінгі күні елорданың 5 мектеп директоры ата-аналар бірлестігіне шығып, көмек сұраған. Себебі, директорлар бұл айыппұлды өз қалтасын төлейді.
Мектеп директорларының қалтасын қағып отырған айыппұлды салу қаншалықты дұрыс? Елордалық ата-аналар Бірлестігі өкілдерінің айтуынша, тауарлар мен қызмет сапасын бақылайтын құзырлы орган сыныпта 25 баладан көп оқушы отырса, мектеп директорына 230 АЕК айыппұл салуда. Бүгінгі күні елорданың мектеп директорлары ата-аналар бірлестігіне шығып, көмек сұраған. Себебі, директорлар бұл айыппұлды өз қалтасын төлейді.
Қазір тауарлар мен қызмет сапасын бақылайтын құзырлы органнан бала саны нормадан асып кеткен мектеп басшыларына алдын-ала ескерту жасалған. Елорда білім беру басқармасының мәліметше, мұндай ескерту үш аусымда жұмыс істеп жатқан № 53 мектепке келген.Басқарма да бұл ескертумен келіспейтінін хабарлап отыр. Білім министрлігі болса, директорлардың қалтасын қағып отырған айыппұл мәселесін алып тастауды шешеміз деген уәде берді.
Бибігүл Асылова - ҚР білім және ғылым вице-министрі; «Жақында ғана ШҚО осындай жағдай болды. Білім минситрілігі араласып, директордың пайдасына шешілді. Айыппұл салынбады. Қазір біз Жоғарғы сот, әдліт минситрілігмен бұл мәселеге диеркторлар жаупа бермеймінт меморандумға қол қоймақпыз.Себебі, бұл оның кінәсі емес ғой.Нұр-Сұлтандағы жағдайды да қолға аламыз, директорларды қорғаймыз»
Мәжілісмендер елдегі мектеп тапшылығы үшін директорлар жауапты емес дейді. Жалпы мұндай норманың болғаны дұрыс емес деген пікірде депутат Смирнова.
Ирина Смирнова - ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Бұл директорлардың мәселесі емес. Мектеп басшлығы мүмкіндігінше балаларды қабыладуға міндетті. Олар баланы далада тастап, білімсіз қалдырмайды ғой. Оқушы саны нормадан асып кетсе де қабыладуға мәжбүр. Себебі, мектеп тапшы, орын аз. Бұл проблеманы директорлар емес, мемлекет шешуі керек. Ал директорларға айыппұл салу заңсыздық, дұрыс емес, ешбір адамгершілікке жатпайды»
Мектеп директорларын шырылдатып отырған бақылаушы орган өкілі айыппұл директордың өзіне емес, заңды тұлғаға салынады деп ақталуда. Сыныпта нормадан көп оқушы отыру, балалардың денсаулығы үшін қауіпті дейді дәрігерлер.
Республика бойынша 7 мың мектеп болса, соның 124-і үш аусымда білім беруде. Бір сыныпта 44 балаға дейін отырған мектептер бар.