0:00 / 0:00
Автоураганның камерасы іздеуде жүрген көліктерді және айыппұлдан жалтарған жүргізушілер мен салық берешектері бар борышкерлерді автоматты түрде анықтап, компьютерге мәлімет түсіреді. Осылайша тәртіп сақшыларының жұмысы біраз жеңілдеп отыр. Кешендік бағдарламамен жабдықталған техниканың көмегімен 30 дан астам сот қаулысы шығарылған автокөлік иесі ұсталған.
Автоураганның қырағы камерасынан ешбір көліктің нөмірі тысқары қалмайды. Мәселен қалаға кіре беріс посттарда қандай көліктің өткені жөнінде ақпарат жазылып отырады. Бұл мәліметтер 2 жылға дейін сақталып қалады. Автоураган көлігі айыппұлы бар жүргізушілерді қалт жібермейді. қазіргі кезде орсындай бірнеше техника жұмыс жасауда. Сондықтан борышкер жүргізуші қала ішінде емін-еркін қатынай алмайтынын еске саламыз .