Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЙЫППҰЛ ЖЕҢІЛДІГІ АЛЫП ТАСТАЛУЫ МҮМКІН

c 19:57, 17/04 c 39

Сенатор Қожаевтың айтуынша, қазіргі жазалау жүйесі жол ережесін қайталап бұзатындарды тоқтатуға қауқарсыз. Себебі, жол ережесін жиі бұзатындар жеңілдетілген айыппұлды төлеп жүре береді. Қазақстанда жол ережесін бұзушыларды жазалау тәжірибесінде халықаралық тәжірибені қолдануды ұсынды. Мысалы, Сингапурда айыппұлдар жүйесімен қатар, арнайы қайта даярлау курстары мен ауыр бұзушылықтар үшін көлікті тәркілеу шаралары қолданылады дейді ол. Марат Қожаев үкіметке жолдаған сауалында жол ережесін жиі және әдейі бұзғандарға айыппұлды 50 пайыз жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін алып тастауды ұсынғанды.

МАРАТ ҚОЖАЕВ- ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ  «Заң мұндай жүйелі түрде ереже бұзатындарға қарсы шара қолдана алмай отыр. Олар күн сайын автобус жолағымен жүре береді, қоғамдық көліктерге кедергі келтіреді, жылдамдықты асырып, ережені әдейі бұзады. Ондай жүргізушілердің бір тобы бар – жас жігіттер, ауқатты отбасылардан шыққан, қымбат көліктерде жүреді. Олар үшін айыппұл – жай ғана төлем жолы, “хай-трек”. Мұндайлар жолда басқалар үшін қауіп тудырып отыр».

Айта кетейік, айыппұлдардың үнемі өсіп отыруына байланысты Қазақстандағы айыппұлдар ТМД елдері ішіндегі ең жоғары деңгейге жетті. Бұл – халықтың наразылығын туғызуда. Қазақстандағы айыппұл көлемін табыс деңгейі шамалас көрші Ресеймен емес, бай ел- Франциямен салыстыруға болады. Айыппұлдан түскен қаражат республикалық бюджетке түседі, бірақ нақты қайда жұмсалып жатқанын халық көрмейді. Енді инспектормен “келісіп алу” немесе айыппұлды елемеу мүмкін емес – бақылау жүйесі өте дәл жұмыс істейді, барлық бұзушылықтар бейнекамералармен тіркеледі. Сенатордың мәліметінше, кейбір жүргізушілер жол ережесін жылына 100-150 рет бұзады.

МАРАТ ҚОЖАЕВ- ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Менің ұсынысым – дәл осындай жүргізушілерге қатысты. Бір адам 10 рет бірдей ереже бұзса, 11-ретінде оған 50 пайыздық жеңілдікті қолданудың қажеті жоқ. Қалған жүргізушілерге бұл әсер етпейді, тек заңды жиі бұзатын аз ғана топқа қатысты. Жыл ішінде 10-нан 50-ге дейін жол ережесін бұзған – шамамен 195 мың жүргізуші. 50-ден 100-ге дейін – бірнеше мың. Тіпті 300 және одан да көп рет ереже бұзған жүргізушілер бар».

Депутат алдын алу жұмысын күшейту үшін мұндай жүргізушілерді сынақты қайта тапсыруға жіберіп, қажет болған жағдайда оларды жүргізуші куәлігінен айыруды ұсынады. Өздеріңізге мәлім, жол ережесін бұзғандар айыппұл салынған күннен бастап бір аптаның ішінде төлесе, онда осы айыппұлдың жартысын ғана өтеу мүмкіндігі жасалған. Елдегі айыппұлдар онсыз да жоғары. Тіпті депутаттар «Қазақстан штрафстанға айналды» деген еді. Жол ережесін бұзғандарға қатысты айыппұлдан басқа, балағат сөздер, қоқысты бейберекет тастау, ғимараттарды ластау, шылым шегу және түкіру – бұлардың бәрі үшін де айыппұл салынады. Айыппұл мен санкциялардан республикалық бюджетке 203 млрд теңге түсті. Қазақстанда айыппұл көлемі жыл сайын өсіп келеді. Соңғы 10 жылда екі есеге артқан. Тек халықтың жалақысы ғана өсетін емес.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.