Батыс Қазақстан облысында «Автоураган» кешенінің көмегімен иелері айыппұл төлеуден жалтарған 92 автокөлік арнайы тұраққа қойылды. БҚО полиция департаментінің мамандары таратқан ақпаратқа сүйенсек, олардың жалпы қарызы 1 млн 522 мың теңгені құрады. Сонымен қатар «Автоураган» кешені шет елдерде тіркелген, алайда елімізде жүріп автокөлік иелері жасаған құқықбұзушылықтарды да анықтауда. Тек биылғы қаңтар айының өзінде олар 1 027 рет жол ережесін бұзған. Соның ішінде 393 автокөлік ұсталып, иелерінен 5 млн 169,183 мың теңге өндірілді. Жалпы, өткен айда қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көші-қон заңдылығын сақтауға бақылау орнату мақсатында 9 801 құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Соның ішінде 55 млн 486 мың теңгені өндіру жөнінде 7621 қаулы шығарылды. «Күні бүгінге дейін азаматтар жалпы сомасы 30 млн 883 мың теңгенің 4280 айыппұлын төледі