Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЙМАҚТЫҚ СПАРТАКИАДАДА ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

c 16:58, 23/05/2022 c 624

21 мамыр күні Орал қаласында «Азаматтарға арналған үкімен» мемлекеттік корпорациясы қызыметкерлерінің арасында аймақтық спартакиада өтті. Жарысқа Ақтөбе, Атырау, Маңғыстай және Батыс Қазақстан облысы филиалдары қызыметкерлері қатысып, бақтарын сынады.

«Спорт - денсаулық кепілі». Осы ұранды ұстанған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы үнемі спорттық жарыстар өткізіп тұрады. Сондай шаралардың бірі мамыр айының 21-ші жұлдызында ұйымдастырылды. Қаламыздағы «Орал» спорт клубында корпорация қызыметкерлері арасында аймақтық спартакиада өтті. Спартакиадаға Батыс аймағындағы 4 облыстан 80 қызметкер қатысып, 5 спорт түрінен бақтарын сынады. Атап айтқанда шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат және арқан тартудан шеберліктерін көрсетті. Жарысқа қатысуға келген қызыметкерлер, бар күш жігерлерін салып, тартысты ойын көрсетеміз деп отыр. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды Батыс Қазақстан облысы филиалының командасы иеленді. Енді олар алда Ақмола облысында өтетін республикалық спартакиадада өңірдің намысын қорғамақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.