Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аймақ бюджеті нақтыланды

c 17:25, 02/09/2020 c 431

0:00 / 0:00

Кезектен тыс облыс маслихатының 37 сессиясына 25 депутат қатысты. Өңір басшысы төрағалық еткен жиында облыстың 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті талқыланды. БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Каюпов Тлепбергеннің баяндамасы бойынша осы жылы 3 млрд. теңгені игеру жоспары нақтыланған. Оның 2,2 млрд. теңгесі салықтан түскен болса, карантин режиміне байланысты 862 млн. теңге үнемделген. Яғни, түрлі шараларға бөлінген қаражат қайтарылып, өңірдегі әр саладағы әлеуметтік маңызы бар жұмыстарға жұмсалатын болады.
Облыстық маслихат депутаттарының шешімі бойынша аймақтың бюджеті 250 млрд. теңгені құрайтын болады. Жиын барысында қаралған өзекті мәселенің бірі жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау. Жаңа талап бойынша 1 кесілген ағаштың орнына 10 көшет отырғызу міндеттелді. Отырғызып қана қоймай, оны баптап ұстауды да міндеттеу керекпіз-, деді аймақ басшысы Ғали Есқалиев
Орал қаласындағы басты көшелерінің бірі Евразия даңғылы Абай даңғылы болып өзгереді. Сессияға қатысқан 25 депутаттың барлығы бір ауыздан бұл шешімді мақұлдады.

 

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.