Осыдан үш жыл бұрын Орал қаласында "Айкуне" орталығы өз қызметін бастады. Аталмыш орталық азаматтардың омыртқасын түзету бойынша жұмыстанады. Мамандар емдік дене шынықтырудың арқасында 3000-ға жуық адамның денсаулығын жақсартып, өмір сүру сапасын арттыруға көмектескен. Қазақ гимнастикасының негізін Абай Баймағамбетов қалады.
Бұл -Роза Есқалиева . Ол "Айкуне" орталығының көмегіне жүгініп, денсаулығын оңалтқан.
"Айкуне" орталығы дүйсенбіден жұмаға дейін таңғы сағат оннан кешкі сегізге дейін қызмет жасайды. Орталық Жұбан Молдағалиев көшесі 25 мекенжайында орналасқан.