Нәзік жанды аруларды мерекемен құттықтау рәсімі басталып кетті. Бүгін РУ-170/3 қатаң режимдегі түзету мекемесінің қызметкерлері әйелдер қауымын мерекелік концертпен құттықтады. Жүрекжарды лебізі мен ыстық ықыластарын білдірген ер азаматтар арулардың осынау қиындығы мол қызметте мойымай, тек адал еңбек еткендеріне мол алғыстарын білдірді. Сәні мен салтанаты үйлескен мерекелік кеште ән де, күй де, сыйлықтарі ізгі лебіздер де нәзік жандыларға арналды.