Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әйел қырық жанды

c 17:05, 05/03/2021 c 901

0:00 / 0:00

Нұр-Сұлтан қаласында жедел жәрдем қызметінде жүргізуші болып жұмыс істейтін жалғыз әйел бар. Ерлермен иық тіресіп, жұмыстың ауырлығына қарамастан күн-түн адам жанын сақтап қалуға қолқабыс жасап жүрген Татьяна Вергунованы әріптестері құрмет тұтады. Татьяна 20 жылдан астам   уақыт жедел жәрдем жүргізушісі болып істейді. Ол өзінің жұмысын жән-тәнімен жақсы көреді.  8 наурыз нәзік жандардың мерекесіне орай елордалық тілшіміз Әселім Қалкен жүргізуші әйел жайында  бейнематериал дайындаған еді.

Бұл жедел жәрдем қызметінің жүргізушісі Татьяна Вергунованың бригадасы. Ол дәрігерлермен бірге кезекті шақыруға асығып барады. Мұндай жағдайда жедел жәрдем бригадасы қашанда дайын тұруы керек. Себебі, оларды жанына дауа сұраған науқас күтіп жатыр.  Біздің түсірілім тобына қарбалас жұмыста жүрген Татьянадан сұқбат алуға мүмкіндік туды.

Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем қызметіндегі жүргізушілер қатарындағы жалғыз әйел  Татьяна 20 жылдан астам уақыт осы қызметте жүр. Ол өз жұмысын жақсы көреді.  Жұмыста шаршамаймын, керісінше жанын аман сақтап қалған адамдардың батасын аламын дейді Татьяна.

Татьяна Вергунова - Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем қызметінің жүргізушісі -«Жоқ маған бұл жұмыс қиын емес. Керісінше ұнайды. Мен өз жұмысымнан ләззат аламын. Әсіресе жедел шақырулар болғанда жанталас, адам өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер бар жанын салып жатады. Ал мен науқасты дер кезінде ауруханаға жеткізуім керек. Осы сәттер маған күш береді. Құдайға шүкір біздің бригаданың жұмысы қашанда сәтті аяқталады. Адамдардың батасын алып жатамыз».

Татьянаны әйелге тән емес мамандыққа итермелеген ағасы екен. Ол ес білгелі автошабандоз ағасының тәрбиесін алып, соның кәсібін меңгерген. Тіпті үлкен тенниспен айналысқан. Бірақ жүргізуші мамандығын таңдаған.

Татьяна Вергунова - Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем қызметінің жүргізушісі «Техникаға мені ағам баулыды. Ол автошабандоз болды. Жасөспірім кезімнен ағаммен бірге ипподромға барып, көлік жүргізетінмін. Содан бері менде автокөлік жүргізуге деген құштарлық пайда болды. Бір сөзбен айтқанда ағам осы мамандықты таңдауыма мұрындық болды».

Тәулік бойы көз ілмей, қарбалас жұмыста жүру оңай емес әрине. Жұмыстың ауырлығына қарамастан, ерлермен иық тіресе еңбек етіп жүрген Татьянаның кәсіпқой жүргізуші екенін әріптестері ауыз толтырып айтады. Тіпті, әйелмін деп қарап тұрмайды, науқасты көтерісуге де қолқабыс жасап жатады дейді олар.

Әйелдің қырық жаны бар деген осы. Нәзік жандардың биліктегі үлесі артып келеді. Әкім, министр, депутат әйелдердің саны өсті. Кәсіпте де әйелдер белсенділік танытуда. Ал автокөлікті тізгіндеген келіншектерді көру таңқаларлық жағдай емес. Бірақ жедел жәрдемде жүргізуші болып жұмыс істейтін нәзік жанды жиі кездестірмейсің.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.