Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әйел ана, әйел дана қашан да!

c 00:00, 06/03/2015 c 996

0:00 / 0:00

Бүгінгі таңда нәзік жандылар қызмет етпейтін сала кем де кем. Сондықтан 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында қыз-келіншектер мен аналарға деген тілектер мен құттықтаулар қарша борап жатыр. Оларға коммуналдық сала қызметкерлері де құрмет көрсетіп, атқарып отырған еңбектеріне жеміс тіледі. Әсем әнмен сүйіспеншіліктерін жеткізді. Бұл нәзік жандылардың бәрі Батыс су арнасының қызметкерлері. Бүгін ерекше құлпырып, жүздері бал-бұл жайнап тұр. Филормония залында танымал әртістермен шырқалған әсем әуен мен мың бұралған би тек олар үшін орындалды.Кәсіпорын басшысы олардың әрқайсына гүл сыйлап, еңбектерін елеп жатыр. Күнделікті жұмыстан қол үзіп, көңіл көтеріп, әсем әнмен сусындаған аналардың көңілі бұл күні көтеріңкі болды. Көктемгі уақытта мерекені ерекше қарсы алған коммуналдықтар алда қауырт жұмысқа кіріскелі отыр. Айтуларынша, оған жүз пайызға дайын. Біз арнамыздың атынан барлық әйел затын халықаралық меремен құттықтап, жандарына бар игі жақсылықты, шаттықты, дендеріне мықты саулық тілейміз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.