Қаламызда ресейлік маркалы жеңіл автокөлігі әйел адамды қағып кетті. Қайғылы оқиға 13 қараша кешкі уақытта 8 мектеп ауданы маңында орын алған. Жаяу жүргінші жолымен өтпекші болған азаматшаны 26 жастағы "лада" автокөлігінің жүргізушісі қатты жылдамдықпен келіп соққан. Салдарынан азаматша бірнеше метрге ұшып кетіпті. Әйел адам оқиға орнында көз жұмды.