0:00 / 0:00
Бұл жөнінде қаламыздың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мекемесінің мамандары хабарлайды. Игілігі мол бұл бастамаға 90 млн. қаражат та бөлініп қойған. "Бұл жұмыстардың басталу уақыты да алыс емес", - дейді сала мамандары. 2014 жылы аталмыш мекемемен "Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту" бағдарламасы бойынша 13 көп қабатты үй жөңделген көрінеді. "Бұл жұмыстарға көбіне көп көп қабатты үйлердің шатырлары ауыстырылып, инженерлік желілер толығымен ауыстырылды", - дейді сала мамандары.Жаңғырту бағдарламасы аясына - деп бөлінген 130 млн. теңгеден жоғары қаражат игеріліп отырғанын айта кеткен жөн. Жаңғырту - деп айқайға салып бастар жұмыстардың анығын айтар болсақ. 1 көп қабатты үйдің келбетін жаңалауға шамамен 1 млн. теңгеге жуық қаражат кетеді мыс. Ал, кеткен қаражатты мемлекетке қарай қайта қайтару мерзімі, ең көп дегенде -15 жыл. "Ал, қаражат құны жасалынған жұмыстарға кеткен қаражатқа байланысты", - дейді сала мамандары. Бүгінде тұрғын үйлердің жаңғыртуда орын алар басты мәселе - кондоминиумы жоқ тұрғындар бұл бағдарламаны пайдана алмайтындығында. Қазіргі таңда осындай жағдаймен ұшырасып отырған 1000-ға жуық тұрғын үй бар. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мекемесімен биылдыққа 13 тұрғын үй мен 3 жолаушылар лифтісін жаңарту көзделуде. Ендеше, айтылған сөзге нәтиже тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінен болмақ.