Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың басынан облыстық аурухананың травматологиялық бөліміне төрт мыңға жуық тұрғын жүгінген болса, соның мың жарымы ақпан айының өзінде тіркеліп отыр

c 00:00, 27/02/2015 c 823

0:00 / 0:00

Жарақат алушылар әсіресе жасөспірімдер мен егде жастағы жандар - деп мәлімдейді аурухана мамандары. Үстіміздегі жылы, өткен жылдардан гөрі табиғи жағдайлардан денсаулықтарына залал келтіріп травматологиялық бөлімшеге жүгінетіндердің саны анағұрлым артқан. Биылғы қыста тыста қылып үсігендер саны бәсеңдегенмен, жаяу жүргіншілердің жолдың тайғақтығынан құлап, аяқ қолдарын зақымдап алу деректері көптеп тіркелгенін дәрігерлердің өзі көрсетіп отыр. Осындай ауыспалы температураның әсерінен, жаяу жүргіншілер жолы жүргіншілерге ең қауіпті аймаққа айналып отыр. Әсіресе, адам көп шоғырланатын жүргінші жолдарының өзі көңіл көншітпейтіні рас. Қаа тұрғындардың пікірінше, тазару жұмысары барлық жерде бірдей жүргізілмейтінді алдыға тартады. Дәрігерлер осындай күндері сыртқа шығар кездегі, аяқ киімді дұрыс таңдауға кеңес береді. Яғни оның өкшесі биік емес, табаны қалың әрі бұдырлы болып келгені, адам жарақатының алғашқы алдын алуы болса керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.