Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың ақпан айының 15- жұлдызынан бастап БҚО аумағында аңшылық маусымы жыбылды

c 00:00, 27/02/2015 c 790

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде БҚО Орман шарушалығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары хабарлайды. Бірақ, бұл жағдайға қарамастан, инспекция мамандары аңшылық құру рұқсаттама негізінде дала қасқырына жалғасып жатқандығын мәлімдейді. Осыған орай, аулғанған көк бөріге үстемақы мөлшері де белгіленіп қойылған. БҚО Орман шарушалығы және жануарлар дүниесі инспекциясының сала мамандары хабарлағандай, биылғы жылдың ақпан айының 15 жұлдызы күні аңшылық маусымы жыбылып отыр.Бірақ қанжығасы майланып қалған саятшыларға арнайы рұқсаттамамен қасқыр аулау науқаны жалғасып жатырғанын ескертеді. Бұған қоса, қасқыр аулаушыларға үстем ақы төлеу мақсатында облыстық бюджеттен 5 млн. теңге қаража қарастырылып та қойылған. Мәселен, үлкен қасқыр құйрығына 10 АЕК - 18 мыңнын үстінде қаражат төленетін болса, ал бөлтірігіне 5 аек, яғни 9 мыңнын үстінде сыйақы қарастырылып отыр. Осыған орай, қасқыр құйрықтарын тапсыру мекен жайын сала мамандары былайша хабарлайды. Сонымен қатар, инспекция мекемесімен 2015 -жылдың басында ҚР-ның "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы " кодексінің кейбір баптары өзгертілуіне орай, азаматтардың жауапкершілікке тартылу мәселері де өзгеруде екенідігі назардан тыс қалмады. Енді азаматтар заңсыз балық аулау фактісімен ұсталынған болса, құқық бұзушыларға 10 айлық есептік көрсеткіш 19 мың, 820 теңге айыппұл тағайындалатын болады. Өткен жылы айыппұл құны 3 айлық есептік көрсеткіш болса, ал биылғы жылы 3 есеге өсіп отырғанын айта кеткен жөн. Енді осы жолы заңсыз ағаш кескен құқық бұзушылар, жауапкершілікктен сытылып кетпестен, заң алдында айыппұлмен емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.