Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"AGROFEST BATYS 2024" басталды

c 17:56, 26/07 c 39

0:00 / 0:00

Ауыл шаруашылық саласын дамытуға арналған ауқымды "Агрофест Батыс-2024" өз жұмысын бастады. Шаруалардың басын қосып, тәжірбиелі мамандар білгендерін ортаға салатын жиын Бәйтерек ауданына қарасты Сұлукөл ауылында өтіп жатыр. Биыл үшінші мәрте ұйымдастырған көрме-фестивальдің форматы өзгеріп, отбасылық демалысқа, жас ұрпақты ауыл шаруашылығына қызықтырып, жас кадрларды тәрбиелеуге бет бұрды. Алыс-жақын шетелден меймандар қызығып келген, өңір тұрғындарының қызығушылығын арттырған көрме-фестиваль жайлы толығырақ арна тілшісі Ажар Хамитова тартқады.

2024 жылдың басты оқиғасы- "AGROFEST BATYS 2024" басталды. Ауыл шаруашылығын дамытуды мақсат тұтқан шараға алыс-жақын шетел мен еліміздің түпкір-түпкірінен 5000-нан астам адам келді. Ауқымды шараны "Агросервис Батыс" компаниясының басшысы Армат Бисенов ұйымдастырды.
Дүбірлі фестиваль-көрменің салтанатты ашылуына ауыл шаруашылығы вице-министрі мен мәжіліс депутаты арнайы келді. Жиында сөз алған аймақ басшысы іс-шараны ұйымдастырған Армат Гимранұлының еңбегін атап өтіп, фестивальдің жұмысына сәттілік тіледі.

"AGROFEST BATYS 2024" көрмесінде техника шығаратын компаниялардың көліктерімен танысуға болады. Дихандар мен егіс жұмысына қызыққан жандарға түрлі дақыл егілген алқаптарды, сондай-ақ, асыл тұқымды малдың түрлерін көруге мүмкіндік бар. Ауқымды фестивальде тұңғыш рет өңірлік көкпар ойындары да ұйымдастырылмақ. Бұдан өзге, ауыл шаруашылығы саласының үздіктері білген-түйгендерін ортаға салатын семинар өтеді. Бірінші күні сарапшылар экономика мен саясат тақырыбында ой өрбітті.

"AGROFEST BATYS 2024" ірі көрме-фестивалі қызыққа толы болмақ. Айтулы шара шілденің 27-сі мен 28-і күндері өз жалғасын табады. Көрмеде түрлі ұтыстар мен конкурс ұйымдастырылады. Отбасыңызбен фестивальден табылыңыз!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.