Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

AGROFEST BATYS-2024

c 17:32, 23/07 c 39

0:00 / 0:00

26-сы мен 28 шілде аралығында Батыс Қазақстан облысында "AGROFEST BATYS-2024" көрме-фестивалі өтеді. Биыл 3-ші мәрте ұйымдастырылғалы отырған ауқымды шара Бәйтерек ауданына қарасты, Сұлукөл ауылында өтпек. Фестивальде отбасылық демалысқа екпін түсірген. Көрмеде тағы қандай қызық болады? Сұлукөл төрінде өтетін ауылшаруашылық мерекесінің жай-жапсарын тарқату үшін ұйымдастырушылар арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. "AGROFEST BATYS 2024" көрме-фестивалінің бас ұйымдастырушысы- Армат Бисеновтың сөзіне сенсек, іс-шараға алыс-жақын шетелден келетін меймандардың қарасы қалың болмақ.

"AGROFEST BATYS 2024" көрме -фестивалі агроөнеркәсіп кешеніндегі маңызды оқиға! Ауқымды іс-шарада ауыл шаруашылығын дамытудағы озық технологиялар, соңғы үлгідегі техниканы меймандарға ұсынбақ. Өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылық техникасы мен асыл тұқымды жануарлардың алуан түрі болады. Биыл ұйымдастырушылар көрме-фестивальді отбасылық демалыс ретінде өткізеді. Осылайша, жас буынға ата кәсіптің қыр-сырын үйретіп, маман тапшылығы мәселесін шешуді қолға алыпты.

Армат Бисенов, "AGROFEST BATYS 2024" бас ұйымдастырушысы:

-Биыл фестивальге 5000-ға тарта мейман келеді деп күтілуде. 3 күн бойы шараның форматы өзгеріп отырады. Біздер агроқауымдастықтың өмірін көрсеткіміз келеді. Фестиваль барысында түрлі семинар, техника мен тұқым мен тыңайтқыштардың түрлері қойылған көрме, инновациялық технологияларды көрсетеміз. Биыл фестивальге келген меймандардың отбасымен уақыт өткізуі үшін барымызды саламыз. Жас өрендерді ауыл шаруашылығымен таныстырып, оларды ел үшін маңызды саланың тіздігінін ұстау үшін қызығушылығын оятқымыз келеді,-дейді.

Осымен 3 мәрте ұйымдастырылатын көрме-фестиваль қызыққа толы болмақ. Мұнда еліміздің түпкір-түпкірінен келген шаруалар үшін арнайы семинар ұйымдастырылып, тәжірибесі мол мамандар білген-түйгенімен бөліседі. Көрменің әрбір күні Отандық өнер иелерінің концертімен қорытындыланбақ. Қатысушылар арасында түрлі конкурс, ұтыстар болады. Ұйымдастырушылар қатынас мәселесін де оңтайлы шешкен. Қаладан Сұлукөлге қатынайтын автобус меймандарды таңғы сағат 8 бен 10 аралығында Салтанат сарайының маңында күтеді. Ауқымды ауыл шаруашылығы мерекесінен қапы қалмаңыздар! Қанжығаңыз майланып, ұтыстың иегері атаныңыз!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.