0:00 / 0:00
Ауыл шаруашылығы ата кәсібіміз бола тұра, бір жолға қойылмай отыр. Презиенттің үкіметтің алдына қойған нақты тапсырмалары бар. Ауыл шаруашылық саласын екі есеге арттыру, өңделген өнімді 70 пайызға ұлғайту, агроғылымға көңіл бөлу. Ескірген ауыл шаруашылық техникасын жыл сайын 10 пайызға жаңартып отыру. Алайда осы аталған істің бірі атқарылмаған дейді сенатор Арубаев. Ауыл шаруашылығына қолдау жасалып жатқанымен, серпіліс жоқ. Мемлекеттік бюджеттен қомақты субсидия бөлінгенімен, аграрлық сала әлі де қиындықтарға тап болуда. Құзырлы органдар стратегиялық жоспарлау мен талдаудың жоқтығынан мемлекеттік қолдау шараларын дұрыс пайдаланбай отыр дейді депутат.
Сенатор шаруаларға берілетін несие де қымбат дейді. Бүгінде ауылшаруашылығына бөлінетін қаржы шашыраңқы және түрлі бағдарламаларға бөлініп кеткен. Сондықтан да берекесі жоқ.
Соңғы екі жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің 15 түрін әкетуге шектеулер қойылған. Нәтижесінде бизнес келісімшарттарды бұзу, қоймалардағы толып жатқан өнімді жою және өндірісті тоқтату сияқты жағымсыз салдарға тап болды дейді депутат Арубаев. Аграрияның дамуына кедергі болып жатқан депутат атаған мәселер ғана емес, басты проблемалардың қатарына суармалы ағын сулардың жеткіліксіздігі де кіреді. Сонымен қатар, тозығы жеткен техниканың салдарынан егістік алқаптағы топырақтың құрылымы бұзылып, құнарлылығы күрт төмендеді дейді мамандар. Егістік алқаптарда зиянкестер еселеп көбейді. Ал шаруалар өндірген өнімдерін сатуға келгенде инфрақұрылымдардың болмауынан, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша кәсіпорындар мен көкөніс қоймаларының жетіспеуінен де зардап шегуде.