Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«АЭС САЛУДЫ ЖЕДЕЛДЕТУ КЕРЕК»

c 17:52, 09/01 c 2

0:00 / 0:00

EXPO қалашығында орналасқан Жобалық кеңсе туралы айтатын болсақ. Әлемнің дамыған бірқатар елінде жоғары билік органы жанындағы жобалық кеңселер жұмыс істейді. Мысалы, Ұлыбританияда Премьер-министрдің жобалық кеңсесі , Малайзияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде де осындай кеңселер қызмет көрсетеді. Ал Қазақстанда құрылған Жобалық Кеңсе Мемлекет басшысының жолдаулары мен үкімет пен әкімдерге берген тапсырмаларының орындалу барысын бақылап, оны жүзеге асыруға ат салыспақ. Ал бұл жұмысты жақында ғана тағайындалған Президент Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды атқармақ. Сатыбалды бұған дейін Түркістан өңірін басқарған еді. Енді ол барлық аймақтың жұмысын майшаммен қарап отырмақ.

Осы жиында Қасым-Жомарт Тоқаев елде салынатын АЭС құрлысын созбалаңға салмай, жеделдету мәселесін тағы көтерді. Өздеріңізге мәлім, өткен жылы ел болып референдумда бұл мәселені шешіп берген едік. Президент бір емес, бірнеше станция салынады деп отыр. Сарапшылардың айтуынша, АЭС екі мәселені шеше алады. Қазақстанды базалық генерацияның қуатты көзімен қамтамасыз ету және экологияны қорғау. Бүгінгі таңда көмірсутектер «лас» энергия көзі болып табылады. Әрине, бір станцияның жоспарланған қуаты тапшылық пен атмосфераға тараған шығарындыларды азайту мәселесін толығымен шешпейді. Бірақ бұл жоба Қазақстанның атом энергетикасын дамытуға және басқа - неғұрлым жетілдірілген атом станцияларын салуға қуатты серпін береді. Сонда 50-60 жылға қарай бізде электр энергиясының тапшылығы мен қоршаған ортаның ластану проблемасы болмайды деген үміт бар.

Айта кетейік, әзірге Қазақстанда АЭС қай ел салатыны беймәлім. Билік нақты шешімге келген жоқ. Қазір төрт ел біздің елде ядролық реакторды салуға қызығушылық танытып отыр. Олар-Қытай, Ресей, Корея және Франция елдері. Ал біздің билік осылардың қайсысына басымдық беретіні белгісі

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.