0:00 / 0:00
Сонымен Қазақстанда АЭС салынады ма деген сұраққа нүкте қойылды? Келесі сұрақ қашан салынады және кім салады? АЭС құрлысының құны өзгере ме? Журналистермен өткен баспасөз маслихатында үкімет құрамында көп жылдан бері жүрген, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр АЭС бойынша құрылатын консорциум құрамында қанша ел болатынын айтты. Консорциум құрамында бес мемлекеттен артық ел болмайды. Оған қатысатын әр елдің озық технологиялары зерделеніп, жобалау жұмыстары жүргізіледі дейді ол. Өздеріңізге мәлім, ел Президенті АЭС салуда халықаралық консорциум жұмыс істейді дегенді. Ал бұл жоба біздің ел үшін қымбатқа түсетіні мәлім. Бұған дейін мамандар АЭС құрлысын жүргізетін ел несиеге салып беретінін айтқанды. Ал ядролық реактордың құны 15 млрд долларға бағаланып отыр. Ал АЭС құрлысы 10 жыл жүретінін ескерсек, жобаның құны екі есеге қымбаттауы мүмкін. Оны үкімет басшысының орынбасары Скляр да жоққа шығарып отырған жоқ.
РОМАН СКЛЯР – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «Орташа алғанда атом электр стансасының құрылысы 10 жыл немесе одан да көп уақыт салынады. Неге ұзақ? Өйткені қауіпсіздік шаралары өте маңызды. Жобалау да біршама ұзақ уақытты алады, ендеше 10 жыл қажет болса, бастапқы баға инфляцияға байланысты өсетіні анық. Әлемдік тәжірибе бойынша баға 50% артады"
Осы уақыт аралығында кадрларды дайындау бойынша арнайы бағдарлама әзірлеп, АЭС объектісінде толығымен қазақстандық мамандар қызмет көрсететін болады деп сендіреді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев. Ол үшін халықаралық біліктілігі бар барлық деңгейдегі жоғары білікті маман–инженерлер пулы дайындалмақ. Ал елде салынатын АЭС қауіпсіздігіне кім жауап береді?
РОМАН СКЛЯР – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «Кейде көпір салып жатқан құрылысшылар, көпірге шығып, оның қауіпсіздігін анықтайды. Ал АЭС бұл мүлдем басқаша. Ол көпір емес. Қазір технология дамыған заман. Біз АЭС салу үшін 3+ технологиясын таңдап отырмыз».
Үкімет мүшелерінің айтуынша, 1,5 жыл – жобалық құжаттаманы әзірлеуге кетеді. Содан кейін АЭС құрылыс басталады. Жауапкершілік өте зор, өйткені атом электр станциясының қауіпсіздігі бірінші орында. Әрине, жылу электр орталығы, біздің елімізде жұмыс істейтін кез келген нысан да қауіпсіз болуы керек, бірақ атом электр станциясында қауіпсіздік ерекше басымдыққа ие, сондықтан ол осындай мерзімде жүзеге асырылады. Қандай компаниялар болады және қай елдерден болады, біз бұл сұрақтың жауабын әлі білмейміз, - деп тәмамдады өз сөзін Скляр мырза.