Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЭС ҚАЖЕТ ПЕ?

c 09:47, 29/05 c 79

0:00 / 0:00

Қазақстанда АЭС салу мәселесінің тек талқыланып келе жатқанына 10 жылдан асты. Біздің ел уран қорына бай болып табылады. Ядролық реакторды салуға бұл бірден бір себеп едйді мамандар. Қолда бар уранды пайдаланып, қажетіне жұмсау керек. 12-15 млрд доллрады құрайтын жобаның қымбаттығына қарамастан АЭС салсақ, болашақта ол шығын өтеледі деп сендіреді мамандар.

ТИМУР ЖАНТИКИН «ҚАЗАҚСТАН АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ «Келісім шартты дұрыс жасаса құны өспейді. АЭС 100 жыл жұмыс істейді. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосу қажеттілігі өзекті мәселе. Бұл, электр энергиясын тұтынудың өсуі мен жұмыс істеп тұрған станциялардағы генерациялаушы жабдықтың тозуына байланысты. Қазақстан көміртегісіз энергетикаға көшу бағытын ұстануда. Елімізде шикізат пен өндірістік база бар. Сондықтан атом энергетикасы саласын дамыту үшін барынша тиімді жағдай жасайды»

АЭС салу, салмау мәселесі талқыланған форумға қатысушылардың көбісі АЭС салудан халыққа қауіп жоқ. Оның қоршаған ортаға әкелер зияны өте аз деп сендірді. Алайда, бұған қарсы пікір айтушылар, АЭС жобасын жүзеге асырған жағдайда мың жыл бойы ядролық қалдықтарды сақтау керек. Ал оған көп материалдық ресурс қажет.

Ал экономистердің пікірінше, АЭС салу қымбатқа түседі. Әлем елдері қазір баламалы энергия көзін тартуды қолға алып, жаңа технологияларды енгізіп жатыр. Адамзат АЭС-тан арзан, қауіпсіз болып табылатын күннен, желден энергия көзін тартуды ойлап тапты ғой. Бүгінгі таңда Қазақстанның атом өнеркәсібінде 20 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның ішінде 15 мыңы негізгі өндірістік персонал.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.