Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЭС БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМ КҮЗДЕ ӨТЕДІ

c 19:17, 27/06 c 90

0:00 / 0:00

Қазақстанда атом электр стансасын салу – елдің индустриялық дамуына қажетті ең оңтайлы да тиімді шешім болып табылады.Сонымен қатар ол экономиканың барлық салаларының дамуына ықпал етеді деген пікір айтады сарапшылар. Қазақстанда АЭС салу мәселесінің тек талқыланып келе жатқанына 10 жылдан асты. Біздің ел уран қорына бай болып табылады. Ядролық реакторды салуға бұл бірден бір себеп дейді мамандар. Қолда бар уранды пайдаланып, қажетіне жұмсау керек. 12-15 млрд доллрады құрайтын жобаның қымбаттығына қарамастан АЭС салсақ, болашақта ол шығын өтеледі деген ойларын ортаға салады. Ал АЭС салуды халық шешеді. Билік бұл мәселені жалпыхалықтың рефрендум өткізу арқылы шешетінін мәлімдеген болатын. Президент биыл күзде рефрендум өтетінін айтты.

Президент атйқандай референдумның өтетін күнін Үкімет бекітеді. Энергетика вице-министрі Есімхановтың айтуынша, референдум барысында қойылатын басты сұрақ –АЭС салуды қолдауйсыз ба?қолдамайсыз ба?

Сенат төрағасы Әшімбаевтың пікірінше елге АЭС керек.

Сарапшылар АЭС салудан халыққа қауіп жоқ. Оның қоршаған ортаға әкелер зияны өте аз деп сендірді. Алайда, бұған қарсы пікір айтушылар, АЭС жобасын жүзеге асырған жағдайда мың жыл бойы ядролық қалдықтарды сақтау керек. Ал оған көп материалдық ресурс қажет. Ал экономистердің пікірінше, АЭС салу қымбатқа түседі. Әлем елдері қазір баламалы энергия көзін тартуды қолға алып, жаңа технологияларды енгізіп жатыр. Кейбір елдер АЭС-тан арзан, қауіпсіз болып табылатын күннен, желден энергия көзін тартуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.