0:00 / 0:00
БҚО Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Айнагүл Керейәулеті Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімінің жер учскелерін жалға беру туралы шарттардың күшін жоямын деп басы дауға қалды. Бүгін осы іс "Әдеп" жөніндегі кеңесте қаралды. Айнагүл Керейәулеті жоғары сотқа жер учаскелерін жалға беру туралы шарттарды жарамсыз деп тану үшін жазған талап-арызы арқылы прокуратура жұмысына күмән келтірген. Осыны негізге алған облыстық прокуратура істі "Әдеп" жөніндегі кеңеске ұсынған. Әдеп жөніндегі кеңесте белгілі болғандай Аудандық бөлім басшысы Айнагүл Керейәулетінің талап-арызын Жоғарғы сот қанағаттандырмаған. Ал, Айнагүл Керейәулеті кері апелляциялық шағым түсірмей, істі аяғына дейін жеткізбеген. Кейін облыстық прокуратура Бас прокуратураның қолдауымен жер учаскелерін жалға беру туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арызын қайта енгіздіріп, бірініш және екінші соттың шешімдерін бұзуға себепші болды. Десек те, екі ұдай пікір туындатқан тәртіптік іс көпшілік дауыспен біржола тоқтатылды.