Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әдеп кеңесі өтті

c 18:19, 25/07 c 38

0:00 / 0:00

БҚО-да мемлекеттік қызметшілерге іс-сапар шығындары мен еңбек демалысының ақысы уақытылы төленбепті. Бұл туралы әдеп кеңесінде мәлім болды.

Биыл БҚО-да 16 мемлекеттік қызметшінің іс-сапар ақысы кешігіп төленген. Бұл туралы әдеп кеңесінің төрағасы Мұрат Байсалов мәлімдеді. Заң талаптарын әкімдіктер көп бұзады екен.

Мемлекеттік қызметшілер заң талаптарын бұзбас үшін әдеп жөніндегі кеңес профилактикаға ден қойған. Кеңесте Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарының әкімдіктері есеп берді. Шыңғырлау ауданында мамандарды қайта даярлау курстарына оқыту жолға қойылыпты. Өткен жылы мемлекеттік қызмет істері департаменті аудандық әкімдікте сыртқы талдау жүргізді. Соның нәтижесінде 11 құқық бұзушылық анықтапты. Аудан билігі заң бұзушылықтармен уақытылы жұмыстанып, алдын аламыз,- дейді. Кеңесте Қаратөбе ауданында атқарылған жұмыстарды жіпке тізді.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында әдеп кеңесінде 4 тәртіптік іс қаралып, 5 мемлекеттік қызметші жазаға тартылды. Өткен жылы кеңес мүшелері 8 тәртіптік істі тергеп-тексерген.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.