Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АДАСҚАННЫҢ АЙЫБЫ ЖОҚ...

c 17:49, 29/03/2021 c 390

Осыдан үш жыл бұрын президенттің пәрменінен соң Сирияға кеткен қазақстандықтарды елге қайтару жұмысы басталған еді. Бүгінгі таңда облыста 33 әйел "Жусан" операциясының арқасында елге оралып, оңалтудан өтуде.

Туған даланың жусанының иісі қанға сіңіп, генетикалық жадымызға жатталғанын жоққа шығара алмаспыз, сірә! Жалған діннің жетегінде кетіп, өз еліндегі бейбіт өмірді жат жердегі соғысқа алмастырған жандар 2019 жылы елге орала бастады. "Жусан" операциясының игілігі бұл. Бүгінде облыстан 33 әйел адам соғыстан көз ашпаған Сирияға барып келген. Санасы уланып, теріс жолға түскендермен жергілікті теологтар тығыз жұмыс жасайды.

Жат жұрттан жұмақ іздеп, "мұсылман бауырлар" деген аты мен заты сай емес ұйымға көмектесеміз деп аттанған ер адамдардың көбі соғыста қаза тауып, әйелдері күң болып, кей жағдайда бірнеше мәрте сол жақта тұрмыс құрады екен. Ең сорақысы осы қорлықты жанына ерген балалар көріп өседі.

Елге есен оралғандардың бірі-Айнара. Ол санасы уланған күйде 2013 жылы шетелге аттанады. 5 жыл Сирияда өмір сүріп, 1 жыл күңдікте болған. Ақырында бағына орай "Жусан-1" операциясымен елге оралды. Кейіпкеріміз бүгінде 3 баласын бір өзі тәрбиелеп отыр. Бұрынғысын ұмытып, бейбіт күнге бойы үйрене келе өзінің жеке кәсібін ашқан.

Сурет qazaqtimes.com сайтынан жүктелді

Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.