Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Адамдық борышың...

c 17:30, 11/03/2020 c 802

0:00 / 0:00

Орал қаласында Нұрай Темірғали есімді бойжеткен тұрады. Бұл қыздың өзгелерден айырмашылығы бойжеткен ерікті түрде қоршаған ортаны, құстарды қорғаумен айналысып жүр. Қыста құстарға жемсауыттар қояды, ұя орнатады. Былайша айтқанда құс біткенді қамқорлығына алған ба дерсін. Нұрай Темірғалидың бұл тірлікпен айналысқанына екі жылдай уақыт болған. Ешкімнен ештене күтпей, ешқандай ақша дәметпей табиғатқа қамор болып жүрген қаршадай қыздың тірлігіне сүйсінбеген жан қалмаған. Ал, сіз қоғамға қандай пайда тигізіп жүрсіз? Осы сұраққа жауап іздеп көрдіңіз бе? Биылғы жыл волонтерлер жылы деп жарияланғаны белгілі. Осы жылдың аясында елге, жұртқа пайдалы бір іс тыңдыруға кім кедергі?
Бұл Орал қаласындағы мәдениет және демалыс саябағы. Бұл жер адамдардың сүйікті демалыс орны. Осы демалыс орны үшін пайдам тисін дейтін адамдар аз. Дегенмен бар. Сондай жандардың бірі- Нұрай Темірғали. Нұрай осы саябақта тізіліп тұрған ұялар мен жемсауыттарды орнатушы волонтер. Табиғатқа, құстарға деген жанашырлығы осы істі бастауына себепші болған. Биылғы жыл ресми түрде волонтерлер жылы деп жарияланды. Ал Нұрай бұл игі дәстүрді ешқандай президенттік тапсырма күтпей-ақ бастап кеткендердің бірі. Міне осылайша туған күн тойланбай, оның орнына құстарға қамқорлық жасау идеясы келген. Осының арқасында қазір Орал қаласындағы мәдениет және демалыс саябағында Нұрай Темірғали орнатқан жемсауыттар мен ұялар тізіп тұр. Қаршадай қыздың табиғатқа деген, құстарға деген жанашырлығы үлкен сауапты іске ұласып отыр.
Нұрай Темірғали көпке үлгі. Әр жас осылайша қоршаған ортаға пайдам тисін деген мақсат қойса несі жаман?! Волонтерлер жылын пайдаланып қоғамға пайдалы болуға тырысайық. Волонтерлік іс жаспен өлшенбейді. Қайымдылық жасаймын деген адамның жасына да, жағдайына да шектеу қойылмаған. БҚО дәл қазіргі сәтте 5 мыңнан астам волонтер ресми тіркелген. Волонтерліктің түбі адамға, қоғамға пайдаңды тигіз деген үгітте жатыр.
Әр істің шикі тұсы болады ғой. Биылғы волонтерлер ісінде де піспей, жетілмей жатырған тұстары баршылық. Атап айтсақ бұл жұмыс әлі жүйеленбеген. Әр сала бойынша жауапты мамандар жоқ.Мысалы сіз белгілі бір сала бойынша волонтер боламын деп шешсеңіз кімге бару керек, қайда бару керек деген сұрақпен бас қатырасыз. Яғни мәденит саласы, денсаулық саласы болсын, әр саланың өзінің жауапты мамандары бекітілмеген,- дейді бізбен сұхбаттасқан Айболат Құрымбаев.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.