0:00 / 0:00
Орал қаласында адам өлтірген 1961 жылғы азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өзімен бірге ішімдік ішкен танысын өлтіріп, оның мүрдесін кереуеттің асытына тығып тастаған. Мүрде бір ай бойна сол жерде жатқан. Ол өз танысын осы жылдың 3 наурызында өлтірген.Алайда, марқұмның денесі тек 27 күннен соң ғана табылған. 58 жасар ер адам шаһарымыздағы бір жекеменшік компанияда күзетші болып жасайды. Оның баспанасы болмағандықтан, жұмыс орынында паналағн.Сотталған азамат пен марқұм жиі арақ-шарап ішкен екен. Ал, марқұмның өзі компания иесінің туысы. Қаза тапқан азамат күзетшімен бірге бірнеше мәрте дастархандас болыпты. Ащы суды ұрттап, қос азамат дастархан басында сөз таластырыпты. Сондай-ақ, марқұм бірнеше мәрте күзетшіні ұрып-соғыпты-мыс. Сондай кикілжіңнің бірінде сотталған азамат үстелде отырған марқұмды бір соғып, талдыртыпты. Кейінбасынан 20 шақты ұрып, өлтіріп тастаған. Қылмыскер марқұмның мүрдесін кереуітінің астында сақтап,ештене болмағандай 27 күн бойына алаңсыз Сотта 58 жасар оралдық өз кінәсін мойындап, он жыл бас бостандығынан айырылды.