Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Адам ағзасына зиян келмеген

c 17:33, 05/03/2019 c 765

0:00 / 0:00

БҚО онкологиялық диспансерде «Clinac 600C» қондырғысына орнатылған коллиматор жабдығынан ем алған науқастардың ағзасына ешқандай зиян келмеген. Яғни тұрғындарға алаңдауға еш негіз жоқ. Бұл туралы бүгін облыстық онкологиялық диспансер директоры - Ерлан Тоқсанов мәлімдеді. Бұл орайда дәрігерлердің қолында шетелде жасалған сараптама нәтижесі де бар болып шықты.2011 жылы орнатылған аппарат сәулесі сау органдарды зақымдамай, нақты ісікті жоюға көмектеседі. Бірақ қондырғының жаңа емес, ескі екенін бірден білу мүмкін болмапты. Өйткені қондырғы мұқият қапталған әрі жаңа қондырғы секілді көрінген. Тек былтыр ғана коллиматордың АҚШ-та қолданылып, 2015 жылы есептен шығарылғаны анықталды. «Екі жылда бұл қондырғымен 800-ге жуық науқас емделген. Бірақ ауруларға зиян келген жоқ»,- дейді дәрігерлер.
Қазір құны 2 млрд теңгеге жақын қымбат қондырғы сынып, тоқтап тұр. Бұл аппарат үшін қазынадан қаражат бағытталған, жылдың соңына дейін су жаңа қондырғы сатып алынады деген жоспар бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.