0:00 / 0:00
Еліміздің Бас прокуратурасы "Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысы" экстремистік ұйымына қатысты брифинг өткізді. Бас прокуратура қашқын банкир Мұхтар Әблязовке қатысты мәлімдеме жасап, қазақстандықтарды оның қитұрқы әрекетінен сақ болуға шақырды. Өздеріңізге мәлім, "Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысы біздің елде экстремистік ұйым болып танылған. Ал ұйым жетекшісі Мұхтар Әблязовтің алаяқтық әрекеттерінен қазақстандықтар ғана емес, француздар, немістер, америкалықтар да зардап шегуде деді, прокуратураның ресми өкілі Оксана Петерс. Өздеріңізге мәлім, Бас Прокутратура қазақстандықтарды 22 ақпанда өтеді деген заңсыз митингке шықпауға шақырды.
Мұхтар Әблязов оффшорлық мемлекеттерді пайдаланып 7,5 млрд АҚШ долларын жымқырғаны мәлім. Бас прокуратурада өткен брифингте Әблязовтің жасаған қылмыстарына шолу жасалды. 90-шы жылдары бизнеспен айналысқан Әблязов «KEGOС» ұлттық компаниясын және Энергетика министрлігін басқарғанды. Энергетика министрі кезінде жемқорлық жасағаны үшін 2002-ші жылы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталып, түрмеде отырған кезінде елбасымен халықтан кешірім сұрап, түзелуге уәде бергенді. Бірақ бостандыққа шыққан соң, ол уәдесін ұмытып, тағы да қылмыстық әрекеттеріге барды делінген прокуратураның мәлімдемесінде.
Тізе берсек, Әблязовтың қылмыстық әрекеттері сан түрлі. Ол өзі құрған фирмаларға жалған құжаттар арқылы миллиардтаған несиелер беріп, жеке пайдасына жаратқан. Ұрланған қаражаттарға Әблязов акциялар, элиталы үйлер мен пәтерлерді сатып алған.Қылмыстары әшкереленген соң, 2009-шы жылы Ресейде, кейін Англияда, 2012 –жылдан бері Францияда бас сауғалап жүр. Миллиардтарды жымқырғаны үшін Ресей, Украина мемлекеттері оған іздеу салған. Ал Мұхтар Әблязов құрған Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысы біздің елде экстремистік ұйым болып танылған. Бас прокуратура қазақстандықтарды Әблязовтен сақ болуға шақырды.
Еске сала кетейік, Қазақстанда Мұхтар Әблязов жасаған қылмыстары бойынша сырттай 20 жылға сотталған.