Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АҚСАП ТҰР

c 18:24, 22/06/2021 c 1165

0:00 / 0:00

Тұрғындардың наразылығын естіп-біліп жүрген шаһар басшысы жауапсыз мердігерлердің өз істеріне салғырттығын сынап, осылайша біраз ескерту жасады. "Бірдің кесірі бірге тиеді",- демекші, мемлекеттің тапсырысын алған соң мердігерлер жұмысының мардымсыздығы мен сапасының сын көтермеуінен өзге мамандардың абыройына нұқсан келіп, көпке топырақ шашылатыны мәлім. Биыл әсіресе қала аумағын абаттандыру жұмыстары ақсап тұр. Гүлзарлардың бәрі жұтап, қурауда. Ал субұрқақтардың басым бөлігі мүлдем іске қосылмай құрғап қалған. Жарықтандыру мәселесі өз алдына бір бөлек әңгіме. Ымырт түсе орталық көшелер қара түнекке айналады. Орал қаласында 25 субұрқақ болса, бүгінде соның тек 8-і жұмыс жасап тұр. Қалғанының қашан қосылары белгісіз, айналасы күл-қоқысқа толып, азып-тозып кеткен.
Әкімнің бұлайша мердігерлерді жағадан алуы тегін емес. Айта кетейік, субұрқақтарды күтіп ұстау жұмыстары бойынша "ЖАЙЫҚ ЖАРЫҒЫ" ЖШС-мен 3 жылдық келісім шарт жасалған. Осы құжат бойынша мекемене 63 млн. теңге бөлінген. Қаражат ай сайын уақытылы аударылып отырады екен. Алайда субұрқақтардың жағдайы сын көтермейді. Мекеме басшысы бұған толассыз жауған нөсер себеп болды дегенді алға тартты.
Тұрғындардың да көңілінен шықпай, наразалық танытуына себеп болған мәселелерді шешуге қала әкімі тамыз айына дейін уақыт берді. Егер сол кезге дейін субұрқақтардың барлығы іске қосылып үлгермесе келісімшарт бұзылады деп қадап айтты. Сондай-ақ жиында көпжылдық және біржылдық жасыл көшеттерді күтіп ұстаумен айналысатын "Уланов" шаруа қожалығына да ескерту жасалды. Әсіресе, Зашаған кентінде егілген көшеттердің жағдайы мүшкіл. Күтіп-баптау жұмыстары жүйелі жүргізілмей, біразы қурап қалған. Қатаң ескерту алған қос басшы мәселе шешімін табады деп уәде етті.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.