0:00 / 0:00
Біз Абайды ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде әлемге танытуымыз керек.Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай – рухани реформатор" атты мақаласында осылай деді. Өздеріңізге мәлім бүгін елімізде Абай күні. Ұлы ақынның 175 жылдығына орай осындай шешім қабылданғанды.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы биылғы жылды "Абай жылы" деп жариялағаны мәлім. Елдегі пандемияға байланысты Ұлы ақынды ұлықтау рәсімі онлайн режимде өтіп жатыр. «Адамзаттың Абайы» атты абайтанушылардың халықаралық онлайн-форумы өтті.
Елдегі пандемия қазақстандықтарға Ұлы Абайды ұлықтауға кедергі бола алмады. Бүгін ел болып Абай күнін онлайн атап өтуде. Ұлы ақынның шығармаларын оқи отырып, бүгінгі күннің тіршлігін тура серттегініне куә боласың. Халықаралық деңгейде өткен онлайн форумда абайтанушылар Хәкімді тану үлкен еңбек екенін айтады.
Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы жаһандық деңгейде аталып өтуде.Абайды шетелдік ғалымдар да терең зерттеген. Форумға қатысқан Мажарстандық абайтанушылар, Ұлы ақынды кеңес дәуірінен, бүгінгі күнге дейін тану жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтады.
Данышпандығы сол Абай Құнанбаев ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің мақаласында осыны меңзеді. Мемлекет басшысы Ақынның баға жетпес мұрасын ұғындыру және дәріптеу – азаматтық парызымыз деді. Сондай-ақ, Тоқаев ел басына күн туған шақта Абай мұрасына жүгіну өзекті болып отырғанын айтты. Бұл орайда, ол заман талабына сай білімді игеру, инттеллектуалды ұлт қалыптастыру, екіншіден ақынның "Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге" деген өсиетін әрдайым санаға сіңіру, үшіншіден жаңа кәсіп игеруде Абайдың "Мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды" деген ойын ескеріп, жаңа өнер игеруге деген көзқарасымызды түбегейлі өзгертуге тиіспіз. Төртіншіден "Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің – бәрі бос" деп, елді татулыққа шақырды. Біз аса күрделі кезеңді бастан өткерудеміз. Осындай сәтте бір-бірімізге қол ұшын беріп, өзара мәміле мен ынтымағымызды арттыра түсу аса маңызды деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды мақаласын өкінішке қарай Абай айтқан "бес дұшпаннан" толық арылып болған жоқпыз. Азаматтарымыздың арасында жалқаулық пен сөзуарлық жиі кездесетіні қынжылтады деп тәмамдады.