0:00 / 0:00
Көктайғақ салдарынан жапа шеккендер қатары артып отыр. Бұл туралы облыстық аурухана дәрігерлері мәлімдеді. Күніне аяғы тайып құлап, жарақат алғандардың 30 пайызы амбулаториялық ем алуға жіберілетін көрінеді. Толассыз жауған қарты тазарту жұмыстары бірнеше ауысымда жалғасқанымен, табиғаттың тосын мінезіне тойтарыс беру қиынға соғуда. Қар тазалу жұмыстарына 230 техника мен 300-ден аса жұмысшы тартылған. Ал шаһар аумағынан шығарылған ақ ұлпа үш полигонға тасылуда. Қазір жарияланған төтенше жағдайға байланысты коммуналдықтар тек сағат 23:00-ге дейін жұмыс жасауда.