0:00 / 0:00
Орал қаласында мәслихат депуттаттары мен журналистер, блогерлер арасында тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды. Дүбірлі додаға 35 адам қатысты.
Орал қаласында Қазақстан Республикалық мәслихаттарының 30 жылдығы мен V дүниежүзілік "Көшпенділер" ойындарын қолдау мақсатында тоғызқұмалақтан сайыс өтті. Оған мәслихат депуттаттары мен журналистер, блогерлер қатысты. Облыс біріншілігінде 35 адам бақ сынады. Жарыс барысында "Абай жүлдесі" сарапқа салынды.
Тоғызқұмалақ- қазақтың ұлттық ойыны. Ойын жылдам ойлауға, есеп-қисапқа жүйрік болуға үйретеді.
Бұл-Жаңақала ауданынан келген журналист Жанайдар Болатбекұлы. Ол 2-3 жыл бұрын ұлттық ойынды үйреніп, аудан көлемінде ойнап жүр екен. Облыс біріншілігінде алғаш рет бақ сынауда. Журналист жарыстың ұйымдастырылуында біраз іркіліс барын жасырмады.
Облыс біріншілігінде топ жарған қатысушылар республикалық сайысқа жолдама алады. Ел біріншілігі тамыздың соңында Астана қаласында ұйымдастырылмақ.