Орал қаласында Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап кітапханада хакім Абайдың туған күніне арналған іс-шаралар қорытындылады. Осы жылы қазақтың бас ақынының туған күні 10 күн бойы аталып өтіледі. Мерекелік шара барысында ақынның өлеңдері, қара сөздері мен Абай жайлы шығарылған туындылар жатқа оқылды. Жеңімпаздарды кітапханашылар марапаттады.