Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АБАЙ КҮНІ

c 17:17, 12/08 c 25

Елімізде 10 тамызда бүкіл Қазақстан Абай күнінін атап өтеді. 4 жыл бұрын пайда болған бұл мереке әр қазақтың жүрегінде ерекше орын алады. Осыған орай ұйымдастырылған іс-шара қаламыздың орталығында ақын есімі берілген алаңда өтті.

Орал қаласында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туған күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды. Жиын барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев қоғам қайраткерлерімен бірге ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жиналған қауым Абайдың төл туындыларын оқып, шырқалған әндерін тыңдады.

Жұбан Молдағалиев кітапханасында ақынды ұлықтауға арналған әдеби кеш өтті. Онда жиналған жас ақындар Жайықтың ақ шағаласы-Ақұштап Бақтыгереевамен кездесті. Кездесуде Абай шығармашылығының маңыздылығы және оны терең түсінудің мәні туралы әңгіме қозғалды.

Бұдан бөлек, Абай күніне арналған әдеби іс-шаралар қаламызда Хамза Есенжанов атындағы кітапханада және Тұңғыш Президент алаңында да ұйымдастырылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.