0:00 / 0:00
Кеме-катерлерге арналған маневрлік тұрақ бекеті суға түсірілді. Кемежайды «Зенит» зауыты ҚР Шекара қызметіне арнап құрастырған. Маневрлік бекетте бір мезгілде 4 кеме тұрақтай алады. Экипаждың демалуы үшін асхана мен жатын бөлмелер қарастырылған. Әрі әмбебап айлақ теңіз күзетіндегі су көліктерін барлық керек-жарақпен қамтиды. Оның ішінде азық-түлік, жанар-жағармай қоймалары бар. Құрлық мекені маңында орналасатын бекет әскери кемелердің ашық теңізге шығу уақытын үнемдемек. Жүзбелі кеме тұрағы еліміз бойынша алғаш рет Зенит зауытында құрастырылып отыр. Еліміздің теңізбен шектесетін аумағында арнайы су көліктеріне арналған тұрақ болмағындықтан, бұл шекара қызметін жандандыруда таптырмас мүмкіндік.Су көлігі Каспийге жеткенше шамамен 10 күндей жүзетін болады.