0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында 9 жасар бала жәндік шағып алып, жансақтау бөліміне түсті. Қазір ол қарқынды ем қабылдап жатыр. Алайда жағдайы ауыр. Бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 27 шілдеде түскен. Дәрігерлердің айтуынша, балдырғанды қара жесір өрмекші шағып алған. Оны дереу ауруханаға жеткізіп, шұғыл көмек көрсеткен. Айта кетейік, бұл ағымдағы жылы өңірімізде улы өрмекшінің адамды шағуы бойынша тіркелген бірінші оқиға.