Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

9-мамыр Ұлы Жеңіс мерекесінің символына айналған жібек баулардың жаңа үлгісі пайда болды

c 00:00, 06/04/2015 c 611

0:00 / 0:00

Оның бұрынғы Георгий және Гвардейск жібек бауларынан ерекшелігі- көк байрағымызбен түстес және қазақтың ұлттық нақышына сай жасалған. Қазіргі кезде БҚО-ның ішкі саясат басқармасы баулардың жаңа үлгісін мекемелерге таныстырып, тапсырыс беріп жатыр. Жеңіс күніндегі шеруге қатысқандар төсіне тағып, ҰОС ардагерлері алқаларын безендіріп келген Георгий бауларын алмастыру мәселесі бұған дейін талай мәрте көтерілді. Енді мінекей оның бекітілген жаңа үлгісі қолданысқа шығып отыр. Онда қара-сары, ала түсті бау көк байрағымыздың түсіне ауыстырылып, қазақы нақышпен, 9-мамыр жеңіс күні деген жазумен алқа бейнеленген. Дегенмен, Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында және шеруде әркімнің өзіне ұнаған жібек бауын тағып шығуына ешкім тыйым салмайды. Себебі қарапайым тұрғындардың осы жаңашылдыққа байланысты пікірі де сан алуан болары сөзсіз. БҚО-да бүгінде 245 ҰОС ардагерінің көзі тірі. Олардың арасынан Мәскеу және Астана қалаларында өтетін жеңіс шеруіне 17 жауынгер қатысады деп жоспарланып, мерекелік киім-кешектерін тіктіруге 2 млн. 800 мың теңге бөлініп отыр. Елордасы мен көрші елдегі салтанатты шеруге жолдама алған батыр аталарымыздың жолына және бар қажеттілігіне 5 млн. теңгеден астам қаражат бағытталады екен. Оның ішіне олардың жатын орны мен тамақтануы да кіреді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.