0:00 / 0:00
Бүгін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уали Ақордада мемлекет басшысының 9 айда атқарған жұмысын қорытындылады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қызметіне кіріскелі бері тоғыз ай ішінде 181 сағат 36 минутын жолда өткізген. Президент аймақтарға 25 рет сапар жасап, кейбір облыстарға тіпті екі реттен барыпты. Сонымен қатар, 31 елдің басшысымен телефон арқылы сөйлескен. 12 елге сапармен барған. Бүгін Ақордада өткен брифингте Президенттің жұмысын қортындылай келе, мемлекетте жүргізіліп жатқан реформаларды насихаттауға үлес қосқан БАҚ өкілдері марапатталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты біздің арнаның тілшісі Әселім Қалкенге де бұйырды.
2019 жыл Қазақстанда айтулы оқиғаларға толы болды.Елді 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кетіп, президенттік сайлау өтті. Сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев басым дауыспен жеңіске жетті. Мемлекетті басқарғанына 9 ай болған Тоқаевтың осы аралықта атқарған жұмысын қортындылай келсек, елде әлеуметтік ахуал орын алды. Көпбалалы аналар мәселесі басты тақырып болды.
Тоқаев ел тізгінін алғалы халықты еститін үкімет жасақтауға кірісті. Тіпті барлық министрлер мен әкімдерге әлеуметтік желіде белсенді боулды тапсырды. Себебі, халықтың бар мұң-мұқтажы желіде талқыланады. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Кеңеске қоғам белсенділері тартылды. Нәтижесі де жоқ емес.
Сондай-ақ, брифинг барысында Президенттің әр қадамына қортынды жасалды. Тіпті жүрген жолы да есептелген.
Президент аймақтарына 25 рет сапар жасап, кейбір облыстарға тіпті екі реттен барыпты. Сонымен қатар, 31 елдің басшысымен телефон арқылы сөйлескен. 12 елге сапар шеккен. 9 халықаралық жиынға қатысты. Осы жылдың наурызынан бері 45 заң, 226 жарлық, 68 өкімге қол қойды. Брифинг соңында баспасөз хатшысы бірқатар БАҚ өкілдеріне мемлекетімізде жүргізіліп жатқан реформаларды насихаттауға үлес қосқаны үшін Президенттің алғыс хатын табыс етті.