0:00 / 0:00
Облыста «Призма» автоматты тіркеу жүйесінің саны артуда. Биыл жаңадан 15 дана камера іске қосылып, қала көшелері мен жол трассасындағы бақылау құрылғыларының саны 55-ке жетті. Қозғалыс жылдамдығын шекті белгіден асырған көлік құралдарын анықтайтын камералардың мүмкіндігі орасан. Мәселен, әкімшілік полиция басқармасы таратқан мәліметке сай бүгінгі күні 5 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 82 млн теңге мемлекетке қайтарылған. Мамандардың айтуынша, темір тұлпар иелерінің айыппұлды төлеу талаптарын елемеу салдарынан берешек көлемі артып отыр.
ОЛЖАС ИБРАЙЫМОВ
БҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қозғалыс жылдамдығын реттейтін техникалық құралдарды Ақсай қаласының аумағында орнату жоспарланған. Жаңа камералардың жалпы саны 15 дананы құрайды.