0:00 / 0:00
Бір ғасырға жуық ғұмыр кешіп, саналы ұрпақ тәрбиелеген ардагер ананың шаңырағына келген шенділер, Екатерина Семеновнаның жас ұрпақ болашағы үшін көрсеткен батырлығына бас иіп, әйелдер мерекесімен құттықтады. Биыл Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толмақ. Қанша уақыт өтіп, қанша заман өзгерсе де, майдангер ата-әжелеріміздің даңқты ерлігі мен ерең еңбегі атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа таусылмас өнегенің үлгісі болып қала бермек. Бұл Жеңіс мерекесінің жөні басқа. Ал, мерейлі 8 наурыз әйелдер мерекесінде Крылова Екатерина Семеновнаны құттықтауды ескеріп, үйіне арнайы бас сұққан БҚО ІІД-нің қызметкерлері, ардагер анамызға арнайы сыйлығымен қатар, жылы лебізін де арнауды ұмытпады. Әжеміз Екатерина Сменовна соғыс жылдарында жау қолына елді бермеу үшін ерлермен тең ерлік көрсеткен қаһарман батыр. Сол үшін де әжемізге Сталинград қызыл жұлдызы ордені табысталған. Өзінің соғыс ұрысына қатысқан жылдарын былайша еске алды.Естен кетпес отты зұлмат жылдарда қазақ елінен 1,5 мил-ға жуық адам, ал облысымыз бойынша 76 мың адам майданға аттанды. Тіпті, елімізде ер-азаматтармен бірге нәзік жандылар да соғыс даласына аттанған болатын. Олардың жартысынан көбі келмеске кеткен еді. Қазір олардың саны сиреп бара жатқаны көңілге қаяу ұялатады... Әңгіме барысында ардагердің мұңлы жанарларымен айтылған естелік әңгімелері де шертілді. Сұрапыл соғыстың үні өшкеніне жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, бұл нәубет еш қашан ұмытылмақ емес. Өйткені, сол жылдары елімізден 1,5 жарым миллион адам сұм майданға аттанса, олардың тең жартысы елге оралған жоқ. Сондықтан да ,оларды мәңгі ұлықтау парыз болса, екінші жағынан аға ұрпаққа өнегесі мол тәлім-тәрбие болмақ.