Өңірде мемлекет басшысының тапсырмасына орай үш ауысымды оқытуды және апатты жағдайдағы мектептерді жою бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқа 8 білім ошағының құрылысына 4,8 млрд.теңге көлемінде қаражат бөлінді. Казталов ауданы Казталов ауылында 600 орындық, Орал қаласында 300 орындық №33 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін тағы 3 мектептің құрылысы аяқталып, барлығы 1085 оқушы жаңа білім ошағының табалдырығын аттайды деп күтілуде. Солардың бірі-Оралдағы №18 ЖББОМ. Мұнда қазір құрылыс қарқынды.Ел экономикасын дамытудың негізгі тетігі- білім саласына инвестиция тарту. Бұл бағытта да бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Мәселен, Орал қаласындағы 500 орынға арналған №31 және 900 орындық №52, 300 орындық №18 және Казталов ауылындағы екі елдімекенде 600 және 60 орындық мектептердің құрылысы жүріп жатыр. Бұған қоса Янайкин ауылының Батурин ЖББ-де қос қабатты жалғаушы ғимарат және Жамбыл ауылындағы 308 орындық мектептің құрылысы да қарқынды. Ал Щапов ауылында 420 орындық, Казталов ауданының Қарасу ауылдық округіне қарасты Жұлдыз ауылында 108 орындық мектеп бой көтеруде.Оралда да бірнеше мектептің құрылысы қарқынды. Мәселен, Борлы тау ауылындағы №18 ЖББОМ құрылысы маусым айында басталған. Мердігер мекеме нысанның іргетасын мерзімінен бұрын құйған. Бүгінде құрылыс жұмыстарына Құс фабрикасы саяжайы тұрғындары мен жергілікті халық тартылуда.Оралда да бірнеше мектептің құрылысы қарқынды. Мәселен, Борлы тау ауылындағы №18 ЖББОМ құрылысы маусым айында басталған. Мердігер мекеме нысанның іргетасын мерзімінен бұрын құйған. Бүгінде құрылыс жұмыстарына Құс фабрикасы саяжайы тұрғындары мен жергілікті халық тартылуда.Айта кеткен жөн, Ет комбинаты ауданыныдағы №33 ЖББОМ құрылысы алдағы бірнеше айда аяқталмақ. Білім ошақтары құрылысының уақытылы бітіп, пайдалануға берілуі оқушылардың сапалы білім алуына септігін тигізбек.