Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

74 ЖАС ҚЫЗМЕТКЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

c 17:32, 17/10 c 2

Азаматтық қорғау саласының қызметкерлері күн-түн демей, от пен суға тосқауыл қоюға күш салуда. Жыл басында тасқын су кезінде өзгелермен бірге толарсақтан су кешкені есімізде. Биыл облыста төтенше жағдайлар департаментінің еңбек ұжымы жаңа қызметкерлермен толықты. Сала өкілдері ардагерлер мен офицерлік құрамның алдында қызметіне жауапкершілікпен қарауға серт берді.

МИРАС ӘЛЕКЕШЕВ

БҚО ТЖД КАДР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Салтанатты шарада 70-тен астам қызметкер сап түзеді. Ант қабылдау шарасына қатысқан қызметкердің бірі –  Бейбарыс Тілегенов. Өрт сөндіру бөлімінде 7 айдан бері еңбек етіп келеді. Жас құтқарушы қызметі оңай емес екенін айтады. Әсіресе, су тасқыны кезінде уақытпен санаспай еңбек етті. Теректі ауданы мен қала іргесіндегі саяжай аумағында көппен бірге бөгет те соқты.

БЕЙБАРЫС ТІЛЕГЕНОВ

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ КІШІ СЕРЖАНТЫ

Жас қызметкерлер аудандық және қалалық өрт сөндіру бөлімдерінде қызметін жалғастыратын болады. Айта кетсек, 19 қазан – Құтқарушылар күні. Мерекеге орай сала өкілдерінің қатысуымен түрлі бағыттағы іс-шаралар бастау алды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.