0:00 / 0:00
"Шолохов" көшесінің бойындағы кәріз коллекторында орын алған апатқа және ағынды сулар көлемінің ұлғаюына байланысты 70 мың оралдық ауыз сусыз отыр. Алайда әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды- ауруханалар, мектептер, бала-бақшалар және өзге де мекемелерді сумен қамту тоқтатылмайды. Алайда қалыпқа келтіру жұмыстары 1 айға созылуы бек мүмкін. Апат орнында «Батыс су арнасы» ЖШС қызметкерлерінен бөлек, қосымша кәсіпорындардан 40-қа жуық техника тартылған. Болжам бойынша сапасы нашар металл пластик құбыр жарылып отыр. Аталмыш олқылықты жоюға барлық күш тартылуда. Оралдағы Шолохов көшесі бойындағы ығн суға арналған кәріз коллекторындағы апат осыдан екі күн бұрын орын алған еді. Кәріз желісі істен шығуы себепті жоғары қысымға шыдас бермеген ағынды сулар енді құдықтардан шығып коммуналдықтарды әбден әбігерге салуда. Коллектордың апаттық учаскесін жөндеуге бюджеттен 1 млрд 200 млн теңге бөлінген. Жұмыстар екі кезеңде жүзеге аспақшы. Биылғы жылы 800 млн теңгені игеру жоспарланған.Кешелі-бүгін қала билігі ауыз суды халыққа көлікпен тасымалдап жеткізіп жатыр. Шаһардың бірнеше аумағынан орын белгіленген.