Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

72 сағат

c 20:30, 19/03/2020 c 639

0:00 / 0:00

Елордалықтар мен қала қонақтары 72 сағаттың ішінде қалаға кіріп немесе қаладан шығып үлгеруі керек. 22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанның есігі тарс жабылады. Бұл орайда, автокөлік, әуе және теміржол қатынасына толық шектеу қойылады. Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен  осылай деп хабарлады. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің  мәлімдеуінше, елімізде қауіпті індет-коронавирусты жұқтырғандар саны 44-ке жетті. Оның 25 Нұр-Сұлтанда, 19-ы Алматыда тіркеліп отыр.  Олардың арасында Мәскеуден Алматыға келген Ресей азаматы да бар.

Өкінішке орай, қауіпті індетті жұқтырғандар саны күн сайын өсіп отыр. Елде барлық қауіпсіздік шаралары қамтылуда. Көптеген жұмыс орындарында қызметкерлер қашықта немесе қысқартылған жұмыс күні режиміне көшті. Коронавирус еліміздің мегаполис қалалары-Алматы мен Нұр-Сұлтанда тіркеліп отырғандықтан, бүгіннен бастап осы шахарлар толық карантиге жабылды. Елордада 7 қадағалау бекеті қойлыса, Алматыда  27 қадағалау бекеті жұмыс істеп бастады. Санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар күшейтілді. 22 наурыздан бастап әуе, теміржол және көлік қатынасына толық шектеу қойылады. Ел астанасының басшылығы қала тұрғындары  мен қонақтарына 72 сағат уақыт беріп отыр.

Тек азық-түлік және гигеналық заттар таситын көліктер үшін жасыл дәліз жұмыс істейтін болады.  Азаматтарға  сауда орындарында кезекте бір-бірінен кемінде бір метр алшақ тұруға кеңес беріледі. Карантин барысында азық-түлік тапшылығы орын алмауы үшін,дүкендерде бір адамға  қант, ұн, күріш және қарақұмық өнімдері бес келіден артық сатылмайды. Күнбағыс майына да бес литрден артық ала алмайсыз.  Карантинге байланысты елордада дәмханалар, мейрамханалар, асханалар жұмысын тоқтатты. Тек үй ауласындағы шағын дүкендер ғана жұмыс істей береді. Әкімдік егер жұқпалы індеттің таралуы артып кетсе, науқастарды жатқызатын қосымша орындар дайындап жатыр. Соның бірі елордадағы 25 қабатты Рамада Плаза қонақүйі.

Бақтияр Мәкен – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары; «Бізде А және Б жоспарымен жұмыс жүріп жатыр. Егер жағдай ушығып, ануқастар саны артатын болса, онда С жоспарына көшеміз. Науқастарға қосымша орындар қажет болады. Қазір ол үшін қаладаға Рамада Плаза қонақ үйін дайындап жатырмыз. Жөндеу жұмыстары жүргізілуде.»

Айта кету керек, бұл қонақ үйі қаланың қақ ортасында орналасқан.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.