0:00 / 0:00
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы аудандар, сондай-ақ қаладағы қосымша туризм ұйымдары, жас туристер станциялары үшін үйлестіруші қызметін атқарады. Негізгі мақсат - оқушылардың туристік-өлкетанулық білімдерін арттыру. Жыл сайын туризм орталығы 5 бағыт - өлкетану, спорттық бағдарлау, экология, спорттық туризм бойынша аймақтық жарыстар мен байқаулар өткізеді. Қатысушылардың ынтасы мен қарым-қабілетінің нәтижесінде облыс командасы үздіктердің қатарында. Мәселен, жерлестеріміз - 3 жылдан бері «Менің Отаным Қазақстан» республикалық слетінің жүлдегері атанып келеді.
ҒАЛЫМ БЕКҚАЛИЕВ
ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Облыстың жеткіншектері спорттық туризмнің қыр-сырын меңгеруге құмар көрінеді. Орталықтың техникалық базасы қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Алайда, Ғалым Бекқалиевтың айтуынша, мекемедегі өрмелеу қабырғасын жаңарту қажет. Балалар 12-метрдің орнына, 6 метрлік қабырғада жаттығып жүр. Бұған қарамастан жақсы нәтиже көрсетуде.
ҒАЛЫМ БЕКҚАЛИЕВ
ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Келер жылы туризм орталығының құрылғанына - 65, «Соқпақ» әдістемелік журналына 20 жыл толады. Мерейлі датаға орай дайындық жұмыстары басталды. Оның аясында спорт жанашыры, орталықтың негізін қалаған Виктор Фоминнің есімі де ұмыт қалмайды.